Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2026 жылғы 11-12 наурыз аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

-жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық  жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» 4 номинация бойынша өткізілді:

1-номинация «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - Бұл номинацияда үміткер М.Мақатаевтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала әділ-қазыларға ұсынады.

2-номинация «Жыр эстафетасы» - айдарында байқау қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс.

3-номинация «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» айдары бойынша оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) қазылардың нұсқауымен оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт.

4-номинация «Дариға, домбырамды берші маған» айдарында үміткер Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді белгілі бір аспаппен (домбыра, жетіген, баян, гитара және т.б.) өздерін сүйемелдеу арқылы жанды дауыста орындайды.

Облыстық кезеңге 30 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 13 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

I-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.      «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Жуманова Аружан -  Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.      «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Жолдас Назерке - Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

3.      «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Ерболов Расул  -  Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

4.      «Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша Ануаржан Ақерке марапатталады -  Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

ІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.      «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Ернұр Қарақат  - Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

2.      «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Жеңіс Табиғат - Қосшы қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3.      «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Қабылқан Рухия -  Қосшы қаласы, Рахымжан Қошқарбай атындаңы  №1  жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

4.      «Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша Есләмбек Жанерке  -  Көкшетау қаласы,  №22 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.

ІІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.      «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Айтқожа Ерасыл - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы;

2.      «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Бахытхан Айгерім - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.      «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Айвек Иманғали  - Аршалы ауданы, Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

4.      «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Мүбарак Мадина -  Көкшетау қаласы, № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5.      «Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша Абдибек Айару -  Қосшы қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

1.      «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Байзолла Мерей - Зеренді ауданы, Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.      «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Рахат Мейзжан - Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылының жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

3.      «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағыты бойынша Асылбекұлы Ибраһим  -  Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

4.      «Дариға, домбырамды берші маған» бағыты бойынша Серікбай Аяулым  - Бұланды ауданы, Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 8


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу