Жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика және математика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
Қостанай қаласында 2026 жылғы 19-24 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика және математика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қостанай облысының білім басқармасы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығы.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 13 оқушы қатысты, информатика пәні бойынша – 7 оқушы, математика пәні бойынша - 6 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Шаймерден Нұрәлі — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
- Абенов Чингиз — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша.
IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
- Даминов Дильдар — "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
- Мұғжан Дінмұхаммед — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
- Қуанышбек Нұрислам — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
- Есиркесинов Фараби — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Математика" пәні бойынша.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!