Жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
Астана қаласында 2026 жылғы 20-25 наурыз аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласының білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы».
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Ақмола облысынан 11 оқушы қатысты, биология пәні бойынша – 7 оқушы, физика пәні бойынша - 4 оқушы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен - 2 оқушы марапатталды.
I-дәрежелі дипломмен "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша Куспаев Ибрагим марапатталды.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Горохова Яна — Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
- Саберлинов Нурислам — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша.
IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Герасимова Валерия — Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
- Ермекбай Айбар — Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
- Ахметова Диана — Көкшетау қаласы, Техниқалық лицейінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
- Менгулов Егор — Көкшетау қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша.
Грамотамен марапатталды:
- Братаев Адильхан — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
- Мереке Мирас — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!