«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XXII Халықаралық ғылыми байқауының қорытындысы

09.09.2026

2026 жылдың 8-12 сәуір аралығында Астана қаласындағы № 115 орта мектеп  базасында Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай 9-11 сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XXII Халықаралық ғылыми байқау өтті.

Ғылыми жарыстардың мақсаты – жастарды ғарыш ғылымы мен технологиясына тарту, инженерлік зерттеушілік және кәсіпкерлік құзыреттін дамыту, ғарышқа, ғылымға және инженерияға қызығушылықты дамыту, жобалау және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, бағдарламалау, жасанды интеллектпен жұмыс істеу және аэродинамика негіздерін меңгеру, ғылыми көзқарас пен инженерлік ойлауды дамыту, техникалық және инженерлік жоғары оқу орындарына түсуге көмектесу, қазақстандық оқушылардың халықаралық конкурстарға қатысуына жағдай жасау.

Конкурс наноспутниктерді жобалау, құрастыру және стратосфераға ұшыру, жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу, су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру бағыттары бойынша өтеді.

Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қытай мен Түркиядан 200 дарынды оқушы қатысады.

         Ақмола облысының командасын 2 қатысушы қатысты:

1.Болатұлы Айсұлтан – Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

2.Азат Айғаным - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.

Просмотров: 13


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу