5-6 сыныптар арасында өтетін «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

09.09.2026

2026 жылғы 17 сәуір күні 5-6 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Көкшетау қаласында Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

         Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта

ұйымдастырылды.

Олимпиада тегін өтті. Ашықтық сақталып, әділ өткізуге негізделді.

Облыстық кезеңге 130 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 17 оқушы, грамотамен- 7 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 9 оқушы, грамотамен- 2 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

І орын алған оқушыларымыз республикаға жолдама алды.

         

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу