Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі, француз тілі және неміс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат

09.09.2026

Петропавл қаласында 2026 жылғы 17 – 21 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ағылшын тілі, француз тілі және неміс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты, ағылшын тілі пәні бойынша – 4 қатысушы, француз тілі пәні бойынша  - 2 оқушы, неміс тілі пәні бойынша  - 2 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша Телжан Иманали марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы, Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, "Ағылшын тілі" пәні бойынша Марат Кәусәр марапатталды.

Грамотамен марапатталды:

  1. Бегер Кирилл — Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы,"Ағылшын тілі" пәні бойынша.
  2. Сейткали Жалиль — Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы,"Неміс тілі" пәні бойынша.
  3. Қағира Аружан — Көкшетау қаласы, №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 11 (10)-сынып оқушысы, "Француз тілі" пәні бойынша.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 11


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу