7-8 сынып оқушыларының арасында химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 20-22 сәуір аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларының арасында химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия және биология пәндеріне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін жоғары деңгейде жетілдіру және болашақ олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Олимпиада 2 турдан тұрды:
1 тур – теориялық;
2 тур – практикалық.
Ақмола облысынан 16 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды:
- Рамазанов Ансар - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша;
- Тюляев Кирилл - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша;
- Мұхамедғали Ибрагим - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, «Биология» пәні бойынша.
«Биология» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Медетбай Лейла грамотамен марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз және болашақ зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!