«Ілияс Есенберлин: Тарихтың алтын қаламы» облыстық ғылыми-танымдық конференциясының ақпараты

09.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 22 сәуір күні Көкшетау қаласындағы Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 8–11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Есенберлин: Тарихтың алтын қаламы» тақырыбында облыстық ғылыми-танымдық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты:

• оқушылардың тарихи танымын кеңейту және ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру;
• жазушы шығармалары арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін ашу;
• оқушылар, музей мамандары мен ғалымдар арасындағы рухани сабақтастықты нығайту.

Конференция ғылыми коворкинг форматында — пікір алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған ашық алаң ретінде ұйымдастырылды.

Облыстық конференцияға 59 оқушы қатысты.

Конференция жұмысына:

Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;

Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы — Атбасар ауданы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейінің меңгерушісі;

Оразов Еркін Жаргөлбайұлы — «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы қатысты.

Конференция модераторы — Қарасартова Шаттық Қаналбековна, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Конференция қонақтарына алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу