«Ясауитану-2026» республикалық байқауының қорытынды кезеңі туралы ақпарат

09.09.2026

2026 жылғы 23-24 сәуір аралығында Түркістан қаласында жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану-2026» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқау қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелен ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтады.

Республикалық байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әзірет Сұлтан» ұлтық тарихи-мәдени музей-қорығы.

Ақмола облысынан «Ясауитану-2026» республикалық байқауының 4 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша IIІ-дәрежелі дипломмен және 50 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды:

1. Амандыққызы Аружан -  Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2.Нұрыбекұлы Ахмет -  Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3.Сайлаубай Асылжан -  Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қатысканы үшін дипломмен Қосшы қаласы, №3 мектеп-лицейнің 9-сынып оқушысы Ахатқызы Аяулым марапатталды.

 Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу