Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасының ІІ кезеңін қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 28 сәуір күні Көкшетау, Астана және Атбасар қалаларындағы үш локацияда Ұлттық тестілеу орталығының базасында онлайн-платформасында Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі өтті.
Ұйымдастырушы: «El Umiti» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған ұлттық зияткерлік олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы №85 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрықтарына сәйкес өткізеді.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін дамыту және оларды қолдау үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға Көкшетау қаласында – 24 оқушы, Астана қаласында – 92 оқушы, Атбасар қаласында – 11 оқушы қатысты.
«Мың бала» Олимпиадасына тек ауыл мектептерінің оқушылары қатысады, себебі Олимпиаданың мақсаты – ауыл мен қала мектептеріндегі оқушылардың арасындағы академиялық деңгей алшақтығын қысқарту және ауылдық жерлердегі оқушылардың таланттары мен қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатысады, өйткені дәл осы жаста балалар өз қабілеттерін белсенді дамытып, әртүрлі пәндерге терең ене бастайды.
«Мың бала» олимпиадасы ретінде жоба бірден бірнеше маңызды міндеттерді шешеді: бұл ауыл балаларының дарынды оқушылары үшін қосымша әлеуметтік лифт және оларға сапалы білім беру ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Олимпиада онлайн-тестілеу форматында екі кезеңде өткізіледі. Барлық іс-шаралар пәндерді зерттеуге және әрі қарай дамытуға деген дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған. Тестілеуді интернетке қосылған ноутбук(камерасы бар) және компьютердан (веб-камерасы мен аудио жазу құрылғысы қосылған) өтуге болады.
Олимпиадаға қатысу тегін.
I кезеңде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. I кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.
II кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. 6-сыныпта оқитын 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу мүмкіндігі беріледі. Мысалы, олар Дарын мектептерінде, «Білім-инновация» лицейлерінде немесе Республикалық физика-математика мектебі филиалдарының бірінде (ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес) оқуын жалғастыра алады.
Олимпиада жеңімпаздары мектепті таңдау үшін пайдаланушының жеке кабинетінде мектептер туралы, оның ішінде интернатта тұру мүмкіндігінің бар жоғы туралы толық ақпарат қолжетімді. Жеңімпаз мектептерді қарап шығып, таңдағаннан кейін Олимпиаданың онлайн-платформасындағы жеке кабинетіне қабылдану үшін электрондық өтініш беруі керек.
ІІ кезеңнің тестілеуі нəтижесінде ең жоғары балл жинаған жеңімпаздарға Оператор белгілеген мерзім ішінде мамандандырылған мектеп таңдаудың басым құқығы беріледі.
Іріктеу тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
«Математикалық сауаттылық»;
«Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
«Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
«Ағылшын тілі»;
«Жаратылыстану».
Облыстық кезеңге 127 оқушы қатысты.