Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі туралы ақпараты
09.09.2026
2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Ақмола облысынан 7 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Бектасова Аяжан - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2. Қазкен Аруна - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3. Құлшымбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы.
Грамотамен Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Кәусар марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз, алдағы жеңістер тілейміз!!!