5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының қорытындысы туралы ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Республикалық кезеңге 4 ақмолалық дарынды оқушы қатысты.
Республикалық экологиялық жобалар байқауының қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.«Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша Бұлғын Шуақ – Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
2.«Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Алтынбек Сағыныш – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 8-сынып оқушысы.
Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!!!