9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпіздік бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

09.09.2026

9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 2026 жылғы 2-6 мамыр аралығында Астана қаласындағы Шәкәрім атындағы № 56 мектеп – лицейінің базасында өтті.

Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Ұлттық Банкі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білім, дағды және қабілеттерге ие талантты жастарды анықтау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау және танымал ету.

Олимпиаданың міндеттері:

  • Оқушылардың қаржылық шешім қабылдау кезінде қауіпсіз қаржылық мінез-құлық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  • Оқушылардың әртүрлі қаржылық ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін дамыту, сондай-ақ қаржылық құралдарды пайдалану және қаржылық тәуекелдерден қорғану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • Жобалық және зерттеушілік ойлауды дамыту, қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде практикалық тәжірибе алу;
  • Алған міндеттемелер үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру, қаржылық қызметтер тұтынушысының құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың мүмкіндігі мен қажеттілігін түсіну.

Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы марапатталды.

Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Чугунов Андрей I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

IІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.Чикомеев Михаил - Атбасар ауданы, Мариновка ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.Бахытжан Нұрымжан - Silk-Road corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қосшы қаласының Бизнес академия «Дара» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

3.Сейтқали Жалиль - Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Меркулов Роман IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас қаржыгерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 8


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу