«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы бойынша қорытынды ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 10-12 мамыр аралығында Астана қаласында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада.
Олимпиадаға Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы марапатталды.
Ақмола облысының командасы «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының ІІІ-дәрежелі командалық дипломымен марапатталды.
«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (орыс.) Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы Кокорева Мария І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.«Бейнелеушілер» бағыты бойынша (қаз.) Джамбулова Томирис - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1 жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (қаз.) Тұрсынхан Арсен - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша (қаз.) Казар Маржан - Қосшы қаласының ІТ-мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
2.«Сөз шеберлері» бағыты бойынша (қаз.) Сэригболатұлы Сәттібек - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қола жүлдегері Сэригболатұлы Сәттібек Kozybayev University-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру грантының иегері сертификаты табысталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!