«Robotek Grand Tournament Astana 2026» V Халықаралық робототехника чемпионатының туралы ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 12-13 мамыр күні Астана қаласында «Robotek Grand Tournament Astana 2026» V Халықаралық робототехника чемпионаты өтті.
Чемпионат ұйымдастырушылар:
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
- Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы
- NU Impact Foundation
- «Роботек» білім беру робототехника мектебі
Robotek Grand Tournament – робототехникадан мектеп оқушылары арасындағы халықаралық чемпионат. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.
Санаттар:
- «Роботек» санатындағы жарыс
- «Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты
- «Жеткізуші робот» санаты
- «Мерген» санатындағы жарыс
- «Туды жеткізу» санатындағы жарыс, жоғары санат
- «Сұрыптаушы робот» санатындағы жарыс
- «РобоБаскетбол» санатындағы жарыс
Қазақстанның 17 аймағынан, 3 республикалық маңызы бар қаласынан және шет мемлекеттерден келген ең үздік құрамалар бақ сынады. Чемпионатқа 400-ден астам оқушы қатысып, бұл халықаралық дода жас өнертапқыштар үшін ерекше мерекеге айналды.
«Robotek Grand Tournament» алаңында Қазақстаннан 180 команда мен шетелден келген 40 команда бас қосты.
Ақмола облысынан "Robotek Grand Tournament" робототехника бойынша республикалық чемпионаттың облыстық кезеңінің 12 жеңімпаздары қатысты:
- «Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Омарханова Диана – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
- «Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Богумбай Зере – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
- «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «RoboSport» командасы Абдильман Дидар – Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
- «Жеткізуші робот» номинациясы бойынша, «RoboSport» командасы Булаткан Диас – Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
- «Мерген» номинациясы бойынша, «Aqadyr» командасы Жухай Дастан – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
- «Мерген» номинациясы бойынша, «Aqadyr» командасы Зибат Данияр – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
- «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «69Eleven» командасы Лашынтай Фархат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
- «Туды жеткізу» номинациясы бойынша, «69Eleven» командасы Сәду Мейрам – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
- «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Полынин Никита – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Жумабаев Алидар – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Булат Әбілмансұр - «BOLASHAQ SARAIY» 10-сынып оқушысы;
- «РобоБаскетбол» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Жылқайдар Асылхан - «BOLASHAQ SARAIY» 10-сынып оқушысы.
«Robotek Grand Tournament Astana 2026» Халықаралық робототехника чемпионаттың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен мараптталды:
1. «Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Омарханова Диана – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
2.«Инверсттік сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша, «Forever» командасы Богумбай Зере – Көкшетау қаласының № 12 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
3. «Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Полынин Никита – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
4.«Сұрыптаушы робот» номинациясы бойынша, «IsakovRobotics» командасы Жумабаев Алидар – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Сәду Мейрам «Туды жеткізу» санатына қатысып, Торайғыров университетіне білім грант ұтып алды.
Жас инженерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз, робототехникада алдағы жеңістерге жете беріңдер!