Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңінің қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 14 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынтыландырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізілді:
1.Математика;
2.Жаратылыстану;
3.Қазақ тілі мен әдебиеті;
4.Орыс тілі мен әдебиеті;
5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;
6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
7.Ағылшын тілі;
8.Қазақстан тарихы.
Ақмола облысынан 17 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 5 оқушы, грамотамен - 4 оқушы марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңінің қорытындысы бойынша IІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Айболатұлы Хан-Керей – Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
- "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Богтоутова Ажар – Целиноград ауданы, Софиевка ауылының орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
- "Қазақстан тарихы" пәні бойынша Кенжебай Ақылбай –Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
- "Ағылшын тілі" пәні бойынша Бозжігіт Ерасыл – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- "Математика" пәні бойынша Телман Сұлтанбек – Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
- "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Әубәкір Еркежан – Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
- "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Әшім Әли – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
- "Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Есентай Әлнұр – Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
- "Ағылшын тілі" пәні бойынша Кусаинов Назар – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталды:
- "Математика" пәні бойынша Нұртай Медеу –Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
- "Жаратылыстану" пәні бойынша Аббас Роман –Степногор қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.
- "Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Сүлеймен Лаура – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
- "Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Қайролла Аян –Степногор қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!!!