Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық « Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
Жетісу облысы Талдықорған қаласында 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, талантты мен дарындыларын анықтау.
«Ілияс Жансүгіров оқулары» қорытынды кезеңіне 3 ақмолалық дарынды оқушылар қатысты:
1. «Ілияс - қарасөз шебері» бағыты бойынша Жуманова Аружан - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2. «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша Муханбетқали Бәтима марапатталады - Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3. «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша Базарбай Аружан - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
«Ілияс Жансүгіров оқулары» қорытынды кезеңі бойынша «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында IІІ-дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Муханбетқали Бәтима марапатталды.
Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!