Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінің қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 19–22 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және дайындау, сондай-ақ еліміздегі білімнің беделін арттыру.
Олимпиада 12 пән бойынша — жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда — жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді.
Ақмола облысынан Олимпиадаға 17 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелер үшін Ақмола облысына командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2026» ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
І-дәрежелі дипломмен Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша Хасен Аружан марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Черней Руслан - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы, биология пәні бойынша.
- Мұхамед Аяулым - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәні бойынша.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Сулейменова Сабина - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.
- Съезбек Аяла - Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша.
- Трихина Карина - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша.
- Гаранина Алина - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша.
- Мустафин Альтемир - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, география пәні бойынша.
- Жулькенов Султанбек - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, математика пәні бойынша.
- Табылды Амиржан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, химия пәні бойынша.
Грамотами награждены:
- Медетбай Лейла - Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, биология пәні бойынша.
- Ерден Айнель - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәні бойынша.
Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!