5-6 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі

09.09.2026

2026 жылғы 19 мамыр күні 5–6 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі екі локацияда: Көкшетау қаласындағы Zerdeli Education оқу орталығында және Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейі базасында өткізілді.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі.

         Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.

Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оффлайн форматта

ұйымдастырылды.

Ақмола облысынан 9 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасында ІІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен Қосшы қаласы, Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Телман Сұлтанбек марапатталды.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 283


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу