IQanat республикалық олимпиадасының финалы

09.09.2026

Өмірді өзгертетін финал! Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл балалары IQanat олимпиадасының финалына қатысу үшін Алматыға аттанады 18-24 маусым аралығында Алматы қаласында IQanat республикалық олимпиадасының финалы өтеді. Финалға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 1000 ауыл оқушысы қатысады, Ақмола облысынан 40  финалист аттанады. Олар 60 мыңнан астам қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Финалистер IQanat High School of Burabay мектебінде тегін білім алу гранттарына және үш жылдық постолимпиадалық қолдау бағдарламасына үміткер болады. Финал бағдарламасында тестілеумен қатар тренингтер, экскурсиялар және IQanat түлектері тәжірибе бөлісетін арнайы білім беру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Просмотров: 296


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу