«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі туралы ақпарат

09.09.2026

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында  2026 жылғы 23-25 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының  оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 «Мағжан оқулары» 4 номинация бойынша өткізілді:

I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»;

II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...»;

III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»;

IV номинация - «Бәрінен де сен сұлу».

Ақмола облысынан облыстық кезеңінің 4 жеңімпазы қатысты:

         1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім номинациясы бойынша Дастан Айзере - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

2. «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» номинациясы бойынша Бейсембай Мадина  - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

3.«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша Ахметжанова Аяулым  - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

4. «Бәрінен де сен сұлу» номинациясы бойынша Баймулдинова Зере-Жарқайын ауданы, Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Мағжан оқулары байқауының қорытындысы «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» номинациясы бойынша IІ-дәрежелі дипломмен  Бейсембай Мадина марапатталды.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 351


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу