АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Робототехника бойынша FIRST Kazakhstan-2022 халықаралық чемпионатының қорытынды кезеңі туралы қорытынды ақпарат

01.03.2022

2022 жылдың 25-27 ақпан аралығында Алматы қаласында Suleyman Demirel University базасында робототехника бойынша FIRST Kazakhstan-2022 халықаралық чемпионатының республикалық кезеңі өтті. Іс-шараның ашылуына және өткізілуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, АҚШ елшілігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Қазақстандағы «UN Women Kazakhstan», «Chevron» компаниясының және Suleyman Demirel University өкілдері қатысты.Қазақстандағы FIRST ұйымдастырушысы және операторы «USTEM Robotics» (@firstroboticskz) қоры болып табылады. 2021 жылғы 19 қарашада мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевқа және білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке Alatau creative hub жаңа перспективалы шығармашылық кеңістігі, FIRST дүниежүзілік білім беру бағдарламасы ұсынылды, «USTEM Labs» жобасын іске асыру шеңберінде «USTEM Robotics» қорының жұмысы көрсетілді.FIRST-робототехника бойынша әлемдегі ең ірі білім беру ұйымдарының бірі, ол жыл сайын 6-18 жас аралығындағы балалар үшін түрлі жарыстар өткізеді. Әрбір байқау әдістемемен және міндеттердің күрделілігімен ерекшеленеді, яғни нақты жағдайлар мен әлемдік проблемаларға – өнеркәсіпті автоматтандыруға, пайдалы қазбаларды өндіруге, ғарышты игеруге, қоқысты өңдеуге, биомедицинаға және т. б. байланысты. Осы жылы басты демеуші ретінде танымал Qualcomm компаниясы таңдалды.

FLL тақырыбы: 2021-2022 CARGO CONNECT

FRC тақырыбы: 2022 RAPID REACT presented by The Boeing Company

FTC тақырыбы: 2021-2022 FREIGHT FRENZY presented by Raytheon Technologies

FIRST-2022 маусымының тақырыбы – жүк тасымалы.

FIRST Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен мұғалімдерге ұсынған олимпиадалар тізбесіне кіреді.

Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 700-ден астам дарынды оқушылар инженерия және робототехника саласындағы өздерінің инновациялық ғылыми білімдерімен өлшенетін бас жүлде – робототехника бойынша FIRST-2022 халықаралық чемпионатының финалына АҚШ-қа сапар.

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында FIRST Kazakhstan тәлімгерлері Ақмола облысы Атбасар ауданынан 80 мұғалім мен 1100 оқушыны жаппай оқытуды өткізді. 2021-2022 оқу жылының қазан айында FIRST Kazakhstan командасы STEAM Kyzdar бағдарламасы аясында хакатонның ақтық кезеңін өткізді. Хакатонның тақырыбы бірінші маусымның тақырыбымен байланысты болды – «Жүк тасымалы». Әр команда өз аймағының логистикалық мәселелерін шешуді ұсынды. Хакатонның жеңімпаздары Quadro, Quantum Team және Masters командалары болды. STEAM Kyzdar-бұл 13-18 жас аралығындағы оқушыларды оқытудың бірегей бағдарламасы, оның мақсаты Атбасар ауданы жастарының білім сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

STEAM Kyzdar ұйымдастырушысы – Caravan of Knowledge CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) қолдауымен.

Атбасар ауданының оқушылары (@caravan_of_knowledge) робот техникасы бойынша осы жобаға қатысып, FIRST чемпионатының іріктеу турына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ақмола облысын республикалық кезеңде екі команда ұсынды: Powerbots (@first_powerbots) - Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 7 жалпы білім беретін мектебінің 7 оқушысынан тұратын команда және Quantum (@qua_ntumofficial) - Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің және Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 оқушысынан тұратын құрама команда: 1.Асқар Айсана Рустемқызы (ОШЗ), 2.Бублик Ольга Сергеевна, 3.Дракина Дарья Сергеевна (А.Курманова), 4.Дракина Ольга Андреевна (А.Курманова), 5. Ильин Никита Витальевич (ОШЗ), 6.Каблуков Артем Павлович(ОШЗ), 7.Нагель Александр Евгеньевич (ОШЗ), 8.Сатемиров Асет Серикбаевич (А.Курманова).

Powerbots (@first_powerbots) оқушылар командасы робототехника бойынша First Kazakhstan-2022 халықаралық чемпионатының республикалық кезеңінің финалисті болып жарияланды және Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) робот техникасы бойынша чемипионатқа қатысуға лицензия алды.

Powerbots (@first_powerbots) командасын дайындаған А.Т. Бекишев робототехника бойынша FIRST Kazakhstan – 2022 халықаралық чемпионатының республикалық кезеңінің үздік жаттықтырушысы болып жарияланды. Сонымен қатар ол 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Powerbots (@first_powerbots): Қайдаров Бауыржан, Исасеитова Алина, Нұрдыбек Айдана, Абузар Мейіржан, Сейілбек Інкар, Амандық Балмекен, Қайролла Алдияр және олардың жаттықтырушылары Бекишев А.Т., Алкенова Н.А. лайықты жеңісімен құттықтаймыз!!! Қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмауға, үлкен жетістіктерге ұмтылуға, алдағы халықаралық финалда табысқа жетуге тілектеспіз!!!

 

 

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст