04.03.2022
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында онлайн режимде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Тіл дарыны» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген оқушыларды анықтау және қолдау, іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін анықтау, тілдерді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, оқушылар арасында тіл мәдениетін дамыту, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Облыстық кезеңге 80 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Асқар Дарина – Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- Ким Камила – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Бақытханова Назерке – Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Билялова Алика - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылғанмектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Маратова Дильназ - Целиноград ауданы, Шұбар ауылының жалпы негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Касенова Дария – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
- Хибадат Тәнзила – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Талғатова Айғаным – Көкшетау қаласы, Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі 9 сынып оқушысы;
- Кажмуканова Фариза – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Гомзикова Дарья – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Турсымуратова Аида – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Жумабай Мерей – Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Балкожин Нұрхан – Зеренді ауданы, Елікті ауылының жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Съезбек Шалхар – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
- Дулат Альмира – Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Шинабек Мадиана – Біржан сал ауданы, Абай атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Қоңырбаева Адия - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Айған Меруерт – Степногорск қаласы, Қ.Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Мұса Дариға – Біржан сал ауданы, Абай атындағы №2 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Сатыбалдина Дильназ – Жарқайың ауданы, Державинск қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Қаиржан Дильназ – Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Төкенова Анжела – Біржан сал ауданы, Абай атындағы №2 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Бауыржанова Айханым – Шортанды ауданы, Шортанды №3 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Сағындық Аружан – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамотамен марапатталғандар:
- Қайратова Арайлым – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №6 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Казбекова Каракат – Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Жамбулова Аяулым – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
- Толеген Айгерим – Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Сағатбекова Арайлым – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Кабденова Аяулым – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Нұрлан Жұлдыз – Көкшетау қаласы, №12 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!!!

