2022 жылдың 10-12 наурыз аралығында, Алматы қаласында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында, офлайн форматта, Ө. Жолдасбеков атындағы 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІ Халықаралық конкурсы өтті.
Механика және инженерия ғылыми мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым Өмірбек Арисланұлы Жолдасбековке арналған Халықаралық конкурс 2010 жылдан бастап, жыл сайын, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бірлесіп өткізді.
Конкурстың негізгі мақсаты: математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурсқа 2021-2022 оқу жылының республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом 168 иегерлері, шетелдік мектептерден ғылыми жобалардың ұлттық жарыстарының жеңімпаздары (математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секцияларына) қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады.
Конкурсқа Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты.
1. Мухамадиев Диас - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, механика секциясы бойынша «Авто су құйғыш» тақырыбындағы ғылыми жобасымен;
2. Текен Ақерке - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, математика секциясы бойынша «Матрицаның популяциялық моделі және оның статистикада қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен;
3. Бакбаева Камила - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Мұрал сыры» тақырыбындағы ғылыми жобасымен;
4. Мәлік Жасұлан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Тұрғын үй мәселесін шешу» тақырыбындағы ғылыми жобасымен.
Халықаралық конкурс қорытындысы бойынша Мұхамадиев Диас ІІІ орынды иеленсе, Мәлік Жасұлан грамота иегері атанды.
Шын жүректен құттықтаймыз және ғылым саласында жаңа жетістіктер тілейміз!!!