АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «М. Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізілген қорытындылар туралы ақпарат

17.03.2022

Қазақ халқының ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 16-17 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектеп 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «М. Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дарынын, эстетикалық талғамын анықтау. Жастардың бойында демократия мен азаматтыққа бағдарланған тарихи білімді, дүниетанымды, сананы, өмірге деген көзқарасты қалыптастыру.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың 34 оқушысы қатысты.

Сайыскерлер 3 номинация бойынша жарысты:

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» - Бұл номинацияда үміткер М.Мақатевтың шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізбесін (поэмадан басқа) әкеліп алдын-ала әділ-қазыларға ұсынады. Ұсынылған тізбеден әділ-қазылардың нұсқауымен кез-келген өлеңді жатқа оқиды. Әділ-қазылар тізбенің кез -келген жерінен 2-3 өлең ұсынуы мүмкін. Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп көркемдеп оқылуына баға қойылады.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» - номинациясында оқушы өз шығармашылығынан жинағын ұсынады (кітапша) және өз туындысын оқиды. Әділ-қазылардың нұсқауымен кітапшадан оқушының өз шығармасын жатқа оқуы шарт. Оның көркемдігі, ойлылығы, тақырыптың ашылуы, оку мәнері ескеріледі.

«Жыр эстафетасы» - байқауға қатысушы үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс. Қатысушылар жеребе тарту арқылы жоғарыда көрсетілген поэмалар бойынша топқа бөлінеді, таңдауға түскен поэманы жатқа айтудан өзара сынға түседі.

Байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:

1. Батыржанұлы Сәкен - Аршалы ауданы бойынша  білім бөлімі Сарыоба ауылының №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

2. Серік Ақтілек - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

3. Сағайқызы Дильназ - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

II-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:

1. Рашит Султана - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

2. Орденова Айсулу - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

3. Жолдасбек Нұрсұлтан - Корғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Үшсарт ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;

4. Сәрсенби Аян  - Шортанды ауданы Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5. Саатбаева Айша - Аршалы ауданы бойынша  білім бөлімі Ақбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

6. Батырбекова Шырын - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.       

III-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:

1. Соболева Наталья - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2. Найзабекова Арай - Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3. Саятова Толғанай - Корғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қараегін ауылының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

4. Аманкелді Нұрғиса - Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5. Әміржан Нұрлы - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

6. Сарсенбек Толқын - Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы "Білім-инновация" IT лицей -интернатының 10-сынып оқушысы.

7. Оспанов Фархад - Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Тұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;

8. Кулахметова Тамила - Зеренді ауданы бойынша Елікті  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

Грамотамен  марапатталған оқушылар:

1. Уайс Нұргүл - Зеренді ауданы бойынша   Ескенежал ауылының  негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

2. Нұрман Маржан - Ақкөл ауданы бойынша  білім бөлімі Ж.Бектұров атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

3. Шарипов Абай - Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі  А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

4. Серік Ақмөр - Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст