29.05.2019
2019 жылғы 28 мамыр күні ІТ мектеп-лицейінде (Көкшетау қаласы, Сарыарқа ықшам ауданы, 7А) Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевтың зияткер-шығармашыл дарынды балалармен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: жастардың әлеуметтік маңызы бар істерге белсенділігін арттыру, олардың мақсатшылдығы, жеңіске деген ұмтылысы сияқты қабілеттерін дамыту.
Міндеттері : өскелең ұрпақтың рухани қабілетін дамыту, Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікті арттыру, патриотизмге тәрбиелеу. Дарынды балаларды қолдау және дамыту, оқушылардың жетістіктерін насихаттау.
Дарынды балаларға арналған форумға барлығы 240 оқушы қатысты. Қатысушылардың ішінде халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары бар. Олардың жалпы саны − 38.
Форум барысында сөз кезегі еліміздің мақтаныштары, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Самтиков Ернар, Ескенов Алмас, Айдарбеков Айдиеге берілді. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға жетістіктері туралы айтып берді.
Кездесу дискурс форматында өткізілді, «Жетістікке жету формуласы», «Менің табысымның тарихы» тақырыптары талқыланды. Форум қатысушылары өз ойларын ортаға салды. Самтиков Ернар, Ескенов Алмас, Айдарбеков Айдиеге сияқты түлектеріміз форумның құрметті қонағы ретінде шақырылды.
Самтиков Ернар − 2009 жылы қазақ-түрік лицейін тәмамдап, АҚШ-та Аризона штатының университетінде оқыған, қазіргі таңда Айкуне компаниясының бизнесін дамыту бойынша директор болып жұмыс істейді.
Ескенов Алмас − «Білім-инновация» лицей-интернатының 2017 жылғы түлегі, қазіргі таңда Гонгконг университетінің 3 курс студенті.
Айдарбеков Айдие − «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк кино өнері академиясын «Болашақ» бағдарламасымен бітірген.
Дарынды оқушылардың атынан сөз кезегі тарих пәнінен Республикалық олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Бурабай ауданының 11 сынып оқушысы Несіпбай Асқар мен жаратылыстыну-математикалық бағыттағы республикалық олимпиадада физика пәнінен 3 орын иегері Көшербай Әсетке берілді.
Форумның қорытындысы нәтижесінде халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері 40 000, 50 000, 60 000 теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.
60 000 теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталғандар:
- Даминов Арслан − Көкшетау қаласы, «Білім – инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Жукебай Аққу − Бурабай ауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
- Мадиев Мирас − Көкшетау қаласы ІТ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
- Марченко Кирилл −Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Ташенова Мадина − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Хрущева Ольга − Аршалы ауданы, Ижевск орта мектебінің 11- сынып оқушысы;
- Буланбаева Арайлым − Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы №2 орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Соломко Елена − Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Галкина Анна − Көкшетау қаласы гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Бегімбаева Ботагоз − Ақкөл ауданы, А.Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Балмашев Ернұр − Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
50 000 көлеміндегі сертификаттармен марапатталғандар:
- Сагинбеков Асанали − Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Амангельдиева Жулдызай − Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
- Рашитов Ермек − Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейнің 11-сынып оқушысы
- Сержан Мирас − Көкшетау қаласы, «Білім- иновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Шарипов Амирлан − Көкшетау қаласы, «Білім-иновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Несіпбай Асқар − Бурабай ауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
- Әділбай Ақбаян − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7- сынып оқушысы;
- Жұматай Саяна − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
- Елешқызы Шұғыла − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9- сынып оқушысы.
40 000 теңгемен марапатталғандар:
- Алмаханова Айдана − Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Атығай Аружан − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Усенова Назерке − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Ельжанов Арлан − Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Кушербаев Асет − Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Оразбай Мендихан − Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Темирбаев Ильяс − Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Іңкәрқызы Жансая − Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Барахоева Милана − Көкшетау қаласы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- Қапсалям Нұрәділет − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Женатов Ержан − Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған «Болашақ» №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интеранатының 11-сынып оқушысы;
- Сауытбеков Мади − Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Пулькина Полина − Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- Озат Айғаным − Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
- Боранбай Аягүл − Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Наган Дариға − Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Тулеген Мадина − Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Проказин Владислав − Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.
Оқушылардың ата-аналары мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен құрмет грамоталары берілді. Оқушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерімізді құттықтап, оларға тек жаңа жетістіктер тілейміз. Дарынды оқушыларымыз дарынды жастарымыздың ізіне ілесіп, олар да Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болады деген ниеттеміз!