Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылғы 12-13 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
- ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру және оны оқушылар арасында насихаттау, қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармалардың өсуіне ықпал ету;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 36 оқушы қатысты.
Конкурс 3 номинация бойынша өткізілді.
1) «Ел құтқарар едім»
2) «Тартынбай сөйлер асылмын...»
3) «Ұлы арман»
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталады:
І дәрежелі диплом иегерлері:
1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Тұрағал Ернұр – Жарқайың ауданы, Далабай ауылының негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
2.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Кабдуллин Мадияр – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
3.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Қабиденов Дидар - Степногорск қаласы, Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Мұратбек Шұғыла – Ақкөл ауданы, Сазды бұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
2.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Темертас Жансұлу – Бурабай ауданы, Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
3.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Жұмағұл Назира – Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
4.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Манапов Қымбат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
5.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Көкіш Айдос – Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;
6.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Әнуарбеков Дамир – Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Наурызбай Іңкәр – Атбасар ауданы, Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
2.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Тилеубердқызы Жадыра – Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы №3 жалпы орта біім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
3.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Сейсен Жоламан – Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
4.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Мұғаз Ризаби – Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;
5.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Муханбеткалиев Мадияр – Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9 сынып оқушысы;
6. «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Ержан Аягөз – Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
7.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Серікпай Меруерт – Астрахан ауданы, Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;
8.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Әміржан Нұрлы – Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
9.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Жагипарова Дарина – Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Грамота иелері:
1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Сабит Көркем – Жақсы ауданы, Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
2.«Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Шарипов Абай – Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
3.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Қасқырбай Нұртөре – Бұланды ауданы, Макинск қаласының Б.Шолақ атындағы мектеп - лицейінің 8 сынып оқушысы.
Дарынды жас лингвистер мен ақын-жауынгер Махамбет Өтемісұлы шығармаларының білгірлерін шын жүректен құттықтаймыз, Сіздерге жаңа жеңістер тілейміз!!!