Ақмола облысында «Елбасы Медалі» жастар бағдарламасына қатысушылар үшін, ерекшелік белгісін табыстауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. 18 қатысушыға, күміс және қола деңгейінде марапаттар табысталды. Олар 6 немесе 12 ай бойы, жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындап, өз білімдерін мен дағдыларын жетілдірді. Үздік нәтижелерін, спортпен шұғылдануда, өнерге баулуда, мұраны дәріптеуде, қайырымдылық жасауда және кітап оқуда көрсеткен.
Медальдарды табыстау рәсімі, жүлдегерлердің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдардарының өкілдері қатысуымен 2022 жылғы 23-25 мамыр аралығында өткен.
«Елбасы Медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Қатысушылар «Алтын», «Күміс» немесе «Қола» деңгейлерін таңдап, жеті бағыт бойынша: спорт, таланттар мен дағды, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, туристік жорықтар, еңбек практикасы дағдыларын дамытады. Әрбір өткен кезеңмен қатысушылар күштірек, таланттырақ және сенімдірек бола бастайды, ал финалистерге ең жоғары жеңістер үшін алғашқы бастамасы «Елбасы Медалі» ерекшелік белгісі беріледі. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады.
Жоба жұмыс істеген уақыттан бері, Ақмола облысының 197 қатысушысы қола ал 3 қатысушы күміс медальға ие болды.