АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі туралы ақпарат

17.06.2022

Балалар жылын мерекелеу аясында 2022 жылдың 16 маусымында Көкшетау қаласындағы "Bolashaq saraiy" кешенінде Ақмола облысының 270 түлегіне «Алтын белгі» белгісін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев түлектерді жоғары наградаларымен құттықтап, таңдаған мамандықтарына табыс тіледі. Бүгінгі мерекелік іс-шарада өздерінің жеңістері мен жетістіктерімен жерімізді дәріптейтін халықаралық, республикалық, облыстық зияткерлік, спорттық және шығармашылық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар екенін атап өтті.

«Алтын белгі» иегерлеріне Ақмола облысы әкімінің атынан 100 000 теңге ақшалай сертификаттар табысталды.

Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының (қазақ тілінде оқытатын) түлегі, Республикалық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың бірнеше дүркін алтын жүлдегері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының білім беру грантының иегері, Жұматай Саяна  және Атбасар ауданы Мариновка ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің түлегі Амренов Алмас «Алтын белгі» белгісінің барлық иегерлерінің атынан ата-аналар мен педагогтарға алғыс сөздерімен сөз сөйледі

Мұғалімдер мен ата-аналар атынан «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Ибраев Марат Өмірбайұлы және Бурабай ауданы Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінің түлегі Акатова Жанель Ирланқызының әкесі  Акатов Ирлан Кәкімұлы түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін айтты.

«Алтын белгі» иегерлеріне мықты денсаулық, бақыт, достықты қадірлеп, алға қойған мақсаттарыңызға табысты жетуге тілектеспіз!!!

  

  

  

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст