2022 жылғы 30 маусым мен 10 шілде аралығында онлайн режимде «Математика», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша оқушылардың дәстүрлі ХХІХ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру, іргелі ғылымдармен айналысуға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту болып табылады.
Олимпиадаға Ресей, Монголия, Индонезия, Сингапур, Иран, Қазақстан елдерінен 400 аса оқушы қатысты.
Ақмола облысынан физика пәнінен Алгазинов Амир – Көкшетау қаласы техникалық лицейінің 10 сынып оқушысы және информатика пәнінен Ибодуллаев Руслан – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы олимпиадаға қатысты.
Олимпиада нәтижесі бойынша Ибодуллаев Руслан ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Русланды шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!