2022 жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында Абай облысы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ Республикалық Абай оқулары өтті.
Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ХХІІІ Республикалық Абай оқулары 6 номинация бойынша өтті, оған республиканың түкпір-түкпірінен 120-дан астам қатысушы қатысты:
Ақмола облысынан 6 номинация бойынша 6 оқушы қатысты:
1. Ханат Оразалы - Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациядан;
2. Рамазан Айым - Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Абайдың қара сөздері» номинациядан;
3. Дәулет Іңкәр - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациядан;
4. Закер Ақерке - Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Көңілім әнді ұғады» номинациядан;
5. Сағантай Зинеп - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациядан;
6. Аленхан Дильназ - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» номинациядан.
ХХІІІ Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша Рамазан Айым мен Аленхан Ділназ І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Дәулет Іңкәр және Сағынтай Зинеп грамоталармен марапатталды.
ХХІІІ республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!!!