Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 1-3 қараша күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өткізілген республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті.
Ресупблика бойынша 14 облыстан, барлығы 90 оқушы бақ сынасты. Конкурсқа 4 номинация бойынша әр өңірден 4 қатысушы қатысты.
Байқау қорытындысы нәтижесінде Ақмола облысынан келесі оқушылар жүлдегерлер атанды:
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом Қапсаллям Нұрәділет - Көкшетау қ., №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысына, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом Жакен Аннұр -Жақсы ауданы, Г.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің 10 сынып оқушысына бұйырды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңіздің куәсі болайық!