Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Бурабай ауданы Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің базасында шығармашыл оқушылар арасындағы VI Республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: 11 сынып оқушыларының гуманитарлық эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарының таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, әрі қарай дамытуына жол ашу.
Аталмыш байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 103 оқушы бәсекеге түсіп, бақ сынасты. «Ақберен» өнер байқауының республикалық кезеңі 6 номинация бойынша өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша Ақмола облысынан келесі оқушылар жүлделі орындарды иеленді. «Эссе жазу» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом –Шауалиева Кенжегұл – Бурабай ауданы, Щучье қаласының №7 мектеп –лицейінің 11 сынып оқушысы. «Көркем сөз оқу» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері болып Бурабай ауданы, Щучье қаласыың №9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жусупова Айзат атанды.
«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом Бұланды ауданы, №5 Макинск орта мектебінің 11 сынып оқушысы Азатбек Бергенбекке және «Ұлттық аспаптармен өнер көрсету» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысыТимур Аружанға бұйырды. Жүлдегерлерімізді және олардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз?