АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауының қорытындысы бойынша ақпарат

01.12.2022

28-30 қараша күндері Астана қаласында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында шығармашыл оқушылар арасында ІХ республикалық «Ақберен» өнер байкауының республикалық кезеңі өтті.

          Байқаудың мақсаты мен міндетті: 8-11 сынып шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне  қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

          Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық білім беру ұйымдарынан 130 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

        Байқаудың бірінші күні қатысушылармен Астана қаласының № 70 мектеп-лицейінде «Достықты ту еткен» тақырыбында тимбилдинг өткізілді. Сондай-ақ, конкурстың соңғы күні қатысушылармен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсия өткізілді.

          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Шолпан Каринова «Ақберен» шешендік өнер және музыкалық импровизация бойынша ІХ Республикалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанатты рәсімін ашты, ол конкурстың және оның қатысушылары-дарынды балалардың ұлттық мәдениет пен тарихты сақтауға қосқан үлесін атап өтіп, мұғалімдерге конкурсанттардың шығармашылық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 6 оқушыға арнайы номинациялық диплом, 14 оқушы арнайы грамота табысталды.

           Ақмола облысынан 6 номинация бойынша 6 оқушы қатысты. 

Олар:

1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша - Тілеухан Еңілік, Бурабай ауданы, Атамекен ауылының орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша - Тілеухан Бекболат, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Ж.Бектұров атындағы № 3  орта мектебiнің 10-сынып оқушысы;

3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша - Әбілхан Ақару, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша -  Тіллә Нұрила, Астана қаласы, № 2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша - Сейтімхан Кәусар, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының  9-сынып оқушысы;

6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша - Кабдуллин  Мадияр, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.

Ақмола облысының командасы Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша - Тілеухан Еңілік, Бурабай ауданы, Атамекен ауылы орта мектебінің 11-сынып оқушысы - І дәрежелі дипломмен марапатталды.

          ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болған:

          1)«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша - Тілеухан Бекболат, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Ж.Бектұров атындағы № 3  орта мектебiнің 10-сынып оқушысы;

          2)«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша - Сейтімхан Кәусар, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының  9-сынып оқушысы.

          «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша -  Тіллә Нұрила, Астана қаласы, № 2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы - грамотамен марапатталды.

          Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

          Қатысушыларды Республикалық байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!!!

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст