АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеушілік жобалар байқауының үшінші кезеңінің екінші тур (тестілеу) туралы

15.12.2022

Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2022 жылғы 12-14 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеушілік жобалар байқауының үшінші кезеңінің екінші тур (тестілеу) өтті. Тестілеуге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеушілік жобалар байқауының облыстық кезеңінде бірінші турдан сәтті өткен, жүлделі орындарға ие болған (І, ІІ, ІІІ) 99 оқушы қатысты.

Ғылыми байқауының мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Деңгейлер бойынша құрастырылған бейіндік пәндер бойынша 60 тест тапсырмасын қамтитын тестілеуді өткізуге 120 минут бөлінді:

1 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын білім мен түсінуге арналған тапсырмалар;

2 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын қолдану тапсырмалар;

3 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар.

Тестілеу келесі секциялар бойынша 4 ағымда өтті:

1 ағын: биология, математика, қоршаған ортаны қорғау, экономика, химия. Қатысушылар саны – 28 оқушы.

2 ағын: информатика, жер және ғарыш туралы ғылым, қолданбалы математика, техника, физика. Қатысушылар саны – 17 оқушы.

3 ағын: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, өлкетану, тарих, этномәдениеттану. Қатысушылар саны – 32 оқушы.

4 ағын: құқық негіздері, тіл білімі (қазақ тілі), тіл білімі (орыс тілі), тіл білімі (ағылшын тілі). Қатысушылар саны – 22 оқушы.

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст