2020 жылғы 4-7 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.
Осы олимпиадаға Ақмола облысының барлық аудандарынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 405 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша алтын медальдармен 32 оқушы, күміс медальдармен 33 оқушы, қола медальдармен 94 оқушы және грамоталармен 28 оқушы марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңде І, ІІ орын алған оқушылар жолдама алады.
Биология, химия, информатика, ағылшын тілі, математика пәндерінің жеңімпаздары «Астана» Халықаралық университетінің грант иегерлері атанды. Олар:
Командалық есепте «Үздік команда-2020» номинациясымен «Білім-инновация» лицей-интернаты 1 орынмен, Көкшетау қаласы 2 орынмен, Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернаты 3 орынмен марапатталды. Сонымен қатар, Астрахан, Біржан сал аудандары жақсы нәтижелерімен қуантты. Жүлдегерлерімізге республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде сәттілік тілейміз!