2023 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша XІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебімен бірлесіп өткізді.
Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің 26 елінен 1200-ге жуық қатысушы, 281 команда қатысты: Қазақстан, Аустрия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Вьетнам, Грузия, Индонезия, Қырғызстан, Моңғолия, Мысыр, Непал, Перу, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Украина, Ұлы Британия, Үндістан, Өзбекстан.
Еліміздің атынан 250-ден астам оқушыдан Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстың 35 командалары, сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептері және Республикалық физика-математика мектебінің құрамалары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 66 медаль, оның ішінде 6 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздарға білім беру гранттары мен сыйлықтар қарастырылған.
Ашылу салтанатында Қазақстан республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Танатовна құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиадаға демеушілік көмек көрсеткен: Lancaster group, Fizmat Endowment Fund, Nurlan Kapparov Foundation, «Қазпошта» АҚ, «Zapis KZ» ЖШС, Samal Lux, «АстанаБланкИздат» баспа-полиграфиялық кешені, «UMAG» ЖШС.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау, оқушылар арасында физика-математикалық және ІТ білімді тарату және танымал ету, әртүрлі елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Олимпиада ережесі бойынша команда құрамына олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарының қатысушылары, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіреді. Әр пән бойынша Олимпиада екі турда өткізіледі. Жұмыстар олимпиаданың үш ресми тілінің бірінде (қазақ, орыс, ағылшын) орындалады.
Олимпиада қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады. Жеңімпаздар екі турда жинаған ұпайларды қосу әдісімен анықталады. Олимпиада қорытындысы бойынша әр команданың рейтингі жасалады.
Команда құрамына Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 оқушысы (математикадан 3 қатысушы, физикадан 2 қатысушы және информатикадан 2 қатысушы) кірді:
1.Мереке Закария – 9 сынып оқушысы, «Математика» пәні бойынша;
2.Сейтбаттал Темірлан - 9 сынып оқушысы, «Математика» пәні бойынша;
3.Бахытбек Ахмедияр - 10 сынып оқушысы, «Математика» пәні бойынша;
4.Асхат Олжабай - 10 сынып оқушысы, «Физика» пәні бойынша;
5.Жұмабек Алдияр - 10 сынып оқушысы, «Физика» пәні бойынша;
6.Шарипов Алишер - 11 сынып оқушысы, «Информатика» пәні бойынша;
7.Ибодуллаев Руслан - 11 сынып оқушысы, «Информатика» пәні бойынша.
Ибодуллаев Руслан - математика, физика және информатика пәндері бойынша XІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының 3-орын жүлдегері атанды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!