АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Ясауитану-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңі бойынша ақпарат

01.03.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен  жалпы білім беретін оқу орындарының  6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану-2023»  республикалық байқауының облыстық кезеңі 2023 жылғы 1 наурызда онлайн түрде өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Байқауға Целиноград ауданы мен Көкшетау, Қосшы қалалары және Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған                              № 3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатынан  барлығы 16 оқушы қатысты.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст