2023 жылғы 13 наурызда Ақмола облысында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
2023 жылғы 13-18 ақпан аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында өткен Олимпиадаға Ақмола облысының 460-қа жуық оқушысы, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 214 ақмолалық оқушылар жеңімпаздар, жүлдегерлер және грамота иегерілері атанды: І орын-43; ІІ орын – 42; ІІІ орын – 110; грамота - 19.
Жүлделі орындардың санына сәйкес ІІІ кезеңнің командасы анықталды, ол "Үздік команда-2023" атағына ие болды:
- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:
«Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;
Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы;
«IQanat High School of Burabay» мектебінің командасы.
«Үздік ауыл мектебі-2023» атағына Шортанды ауданының командасы ие болды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша:
Көкшетау қаласының командасы;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы;
Степногорск қаласының командасы.
«Үздік ауыл мектебі-2023» атағына Целиноград ауданының командасы ие болды.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңіз табысты болсын. Әрқашан биік шыңдарға жете беріңіздер!!!